Мәжіліс қатарына қосылған депутат Асылбек Нұралин палатаның пленарлы отырысында ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді Асылбек Нұралин.
Мәжілісмен Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің құрамына сайланды.
Айта кету керек, осыған дейін Гаухар Танашева Мәжіліс депутаты өкілеттігінен айырылғанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу