"1000-нан астамы, шамамен 1050 адам із-түзсіз жоғалған. Оларды табу үшін тағы бірнеше апта қажет. Зақымданған аумақтардың 85%-ы тексерілді. Қазір біз үлкен ғимараттарды тексеріп жатырмыз, ол үшін еден мен құрылыстарды қопару қажет. Қалған 15% аумақты тексеруге бірнеше апта уақыт кетуі мүмкін", - деді Джош Грин CBS арнасына.
Мауидегі дала өрті 9 тамызда басталды. Өрт қатты желдің салдарынан жылдам туристер қаласы Лахайнаға тарап, оны толықтай жандырып жіберді.
Бұған дейін Гавайдағы өртте қаза тапқандар саны 101 адамға жеткені хабарланған еді.
20 тамызда АҚШ-тың Төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Дин Крисвелл Мауи (Гавай аралы) аралындағы Лахайна қаласында іздеу операциясының 78%-ы аяқталғанын хабарлады.