Газ бағасы көтерілгеннен кейін мұнай да қымбаттады

692

ОПЕК+ альянсының соңғы отырысында бір күнде өндірілетін мұнай көлемін арттырмау туралы шешім қабылдануы да әсер етті.

Газ бағасы көтерілгеннен кейін мұнай да қымбаттады Фото: reuters.com

Эталон сұрыпты мұнай бағасы шамамен 2%-ға өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Мамандар бұған газдың қымбаттап, артынан "қара алтынға" деген сұраныстың артуы себеп болды деп топшылап отыр.

Ресми дерек бойынша, Brent мұнайының желтоқсандағы фьючерстерінің құны 1,63%-ға қымбаттап, 83,74 доллар болды. WTI-тің қарашадағы фьючерстерінің бағасы 2,04%-ға көтеріліп, бір баррелі 80,95 долларға саудаланып жатыр.

Еуропада тамыздың басынан қыркүйектің соңына дейін газды жеткізуге арналған келісімшарттар екі есе қымбаттады. Тарихи максимум 6 қазанда тіркелді, отынның бір мың текше метрінің бағасы 1937 долларға жетті. Оның үстіне ОПЕК+ альянсының соңғы отырысында бір күнде өндірілетін мұнай көлемін арттырмау туралы шешім қабылданды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу