Аягөз қаласындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Оқиға салдарынан баспананың қабырғасы құлап, төбесі опырылып түскен.
Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан 7 адам зардап шеккен. Олардың төртеуі – бала. Барлығы да ауруханаға жеткізілген. Қазір екі ересек адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласында да газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды. Оқиға Бәйтерек шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған.
Мамандардың айтуынша, газ баллонының редукторындағы ақау салдарынан жарылыс болып, үйдің қабырғасы құлап, өрт шыққан. Жалын 120 шаршы метрді шарпыған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу