Газада ХАМАС пен Палестина билік етпейді

Мұндай пікірді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху айтып отыр. 

Газада ХАМАС пен Палестина билік етпейді Фото: nypost.com

Ол АҚШ президентінің палестиналықтарды Газа секторынан көшіру идеясын қолдайтынын тағы да мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Синьхуа ақпарат агенттігі "Дүйсенбі күні Израиль премьер-министрі соғыстан кейін Палестина ұлттық әкімшілігінің Газа секторын басқару мүмкіндігін жоққа шығарды" деп жазды. 

– Мен уәде еткенімдей, соғыс аяқталғаннан кейін келесі күні Газада ХАМАС пен Палестина ұлттық билігі болмайды, – деп нақтылады Биньямин Нетаньяху.

Премьер-министр АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторынан палестиналықтарды көрші елдерге көшіру жоспарын қолдайтынын да атап өтті. Еске салайық, Араб елдері бұл ұсынысқа қарсы. 

– Мен президент Трамптың басқа Газаны құру жоспарын толық қолдаймын, – деді Израиль премьер-министрі.

Израиль 1967 жылғы соғыста басып алған Газа секторы, Иордан өзенінің Батыс жағалауы және Шығыс Иерусалим аумақтары бойынша Палестинаның егемендігіне қарсы шығуда. 

Бұған дейін ХАМАС Газаны Палестина билігіне бір шарт арқылы беруге дайын екенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу