Газиантептегі объектілердің бірінде біздің құтқарушылар үйінділердің астынан 3 адамды тірідей шығарып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Құлаған 9 қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт шығарып алынды. Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, құтқарылған адамдарды түркиялық әріптестеріне және медициналық қызметтерге тапсырды", - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, жұмыстар үзіліссіз екі тәулік бойы конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрған аса күрделі жағдайда жүргізілді.
"Адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар және арнайы іздеу құралдары белсенді түрде тартылды", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осындаЖазылу