Геннадий Шиповских Сенат депутаты болды

1203

Ассамблея атынан Сенатқа бес депутат тағайындалды.  

Геннадий Шиповских Сенат депутаты болды Фото: ult.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан халқы Ассамблеясы" атынан Сенатқа бес депутат тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Конституциясының 50-бабының 2-тармағына, "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес ҚР Парламенті Сенатының депутаттары болып:

  • Евгений Андреевич Больгерт;
  • Закиржан Пирмухамедович Кузиев;
  • Нурия Исмагиловна Ниязова;
  • Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;
  • Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалды.

Айта кетейік, осыған дейін Президент Жарлығымен Сенаттың 5 депутаты тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу