Германияның сыртқы саясат жөніндегі бундестаг комитетінің төрағасы Норберт Реттген осылай деді. Оның айтуынша, Дональд Трамптың биылғы саяси додада жеңіске жетуі ГФР үшін "тегеурін" іспеттес болмақ.
"Германия тағы төрт жыл Трамппен бірлесе жұмыс істеуге дайын емес. Оның жеңіске жетуі біз үшін тегеуріндей болады, біз оған дайын емеспіз", – деді ол.
Сонымен қатар ол сайлауда қос саясаткердің мүмкіндіктері тең екенін, оның қорытындысы, тіпті, тосын жайт болатынын жеткізді.
3 қарашада Құрама Штаттарда президент сайлауы өтті. Ең жоғарғы мемлекеттік лауазымға қазіргі президент Дональд Трамп пен демократ Джо Байден таласып жатыр. Саяси текетірестің қорытындысы бірнеше күннен кейін ресми түрде жарияланады. Бірақ кейбір жергілікті ақпарат құралдары өздерінің бейресми есебін жариялап жатыр. Мысалы, CNN арнасының дерегіне сүйенсек, сайлаушылардың дауысы (electoral vote) бойынша Байден алда келеді. Ол 220 дауыс жинаған. Ал Трамптың еншісінде әзірге 213 дауыс.
Табиғат Нұрболат
Фото: cnn.com