Гір көтеруден Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшылар 34 алтын жеңіп алды

235

Чемпионатқа 16 елден 400-ге тарта спортшы қатысқан.

Гір көтеруден Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшылар 34 алтын жеңіп алды Фото: ҚР гір спорты және армрестлинг федерациясы

Қазақстандық спортшылар Тайбэй қаласында өткен гір тасын көтеруден Азия чемпионатында 63 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 34 алтын, 25 күміс және 4 қола медаь иеленіп, командалық есепте екінші орыннан көрінді.

Айта кетерлігі, Чемпионатқа 16 елден 400-ге тарта спортшы қатысқан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) кубалық Эрисланди Альвареске есе жіберді.

Сондай-ақ, бүгін Мәулен Әшімбаев боччадан ел чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу