Тиісті хабарландыру гильдияның x әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.
"Гильдия АҚШ кино және теледидар продюсерлерінің альянсымен алдын-ала келісімге келді. Бүгін біздің келіссөздер комитеті, Батыс филиалының Басқарушылар кеңесі және шығыс филиалының Кеңесі келісімді қолдау үшін бірауыздан дауыс берді. Ереуіл түн ортасында аяқталады", - делінген хабарламада.
Бірер күн бұрын Голливуд сценаристері студиялармен түбегейлі келісімге келгенін жариялағанын жазған едік. Ол кезде құжат әлі пысықталып жатқаны айтылып, ереуіл жалғасатынын хабарланған еді.