Гонконгтағы өрт: Жоғалып кеткен 159 адам аман-есен табылды

59

13 адам ұсталды.  

Гонконгтағы өрт: Жоғалып кеткен 159 адам аман-есен табылды Фото: Associated Press

Сянган полициясы Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде шыққан ірі өрт салдарынан хабарсыз кеткен 159 адамның аман-есен екенін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Сянган полициясының полиция қызметкері Цзэн Шусяньнің сөзінше, жергілікті уақыт бойынша өрт салдарынан қаза тапқандар саны 146 адамға жетті, ал тағы 79 адам жарақат алған.

"Полиция қасақана емес кісі өлтіру дерегі бойынша 13 адамды ұстады. Тергеу жалғасып жатыр. Қамауға алынатын адамдар саны артуы мүмкін", – деп хабарлады Гонконг билігі.

Айта кету керек, бұған дейін сәрсенбі күні Тай По ауданында басталған өрт бамбуктен жасалған құрылыс ағаштарына тез таралып, бірнеше көпқабатты ғимаратқа дейін жеткенін жазғанбыз. Өрт сөндіру қызметі Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінің 8 ғимаратының кемінде бесеуі отқа оранғанын хабарлады. Қаза тапқандардың арасында өрт сөндіруші де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу