Гонконгтағы тұрғын үй кешеніндегі өрттен қаза тапқандар саны 94-ке жетті

113

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.  

Гонконгтағы тұрғын үй кешеніндегі өрттен қаза тапқандар саны 94-ке жетті Фото: AP

Алапат өрт салдарынан Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде қаза тапқандар саны 94-ке жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өрт сөндіру қызметтің мәліметінше, көпшілік мәйіттер өрт аса қатты болған жеті ғимараттың екеуінен табылған. Зардап шеккендердің саны да артты және 155 адамға жетті. Бұған дейін шамамен 100 адамның зардап шеккені хабарланды.

Жарақат алғандар арасында 11 өрт сөндіруші бар.

Айта кетсек, 26 қараша күні Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік аймағында Тайпоу ауданындағы тұрғын үй алабында өрт басталды. Артынша тұрғын үй кешеніндегі өрт басқа ғимараттарға тарады. 

Қазір аталған оқиға бойынша үш адам қамауға алынды. Оның екеуі құрылыс фирмасының директоры, біреуі инженер-кеңесші.

Апатты өрттің себебі ретінде бамбуктан жасалған құрылысқа тасталған темекіден болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр. 

Қытайдың мемлекеттік БАҚ-тары ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтқанын хабарлады. Гонконг билігі Бейжіңнің көмек ретінде дрондар мен медициналық жабдықтар жіберетінін мәлімдеді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу