GPS-маяк автокөлік ұрлығының алдын алады

770

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз жыл басынан бері 1 300-ге жуық автокөлік ұрлаушы ұсталғанын жариялады.  

GPS-маяк автокөлік ұрлығының алдын алады

"Республика бойынша полиция қызметкерлері 1 300-ге жуық автокөлік ұрлаушы, оның ішінде топ құрамында болған 50-ге жуық адамды қолға түсірді", – деді ресми өкіл. 
Нұрділдә Ораздың  айтуынша, министрлік қабылдаған шаралар ұрлық пен көлікті заңсыз иелену қылмысын үштен бірге азайтқан.

"Автокөлік ұрлығына жол бермеу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Атап айтсақ, от алып тұрған автокөлікті ешқашан ашық қалдырмаңыз, түнде автокөлікті гаражға немесе күзетілетін тұраққа қойыңыз. Қылмыскер көлікті тез иелене алмайтын шара қолданыңыз, яғни автокөлікті ұрлыққа қарсы электронды және механикалық құрылғылармен немесе GPS-маякпен жабдықтаңыз", – деді Нұрділдә Ораз.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу