GRAND SLAM турнирінің екінші күні Қазақстан жүлдесіз қалды

1037

Сондай-ақ, Дидар Хамза, Мәди Амангелді, Иоланта Бердібекова, Зере Бектасқызы 19 ақпанда жекпе-жектен шығып қалды.  

GRAND SLAM турнирінің екінші күні Қазақстан жүлдесіз қалды

Қазақстандық дзюдошылар Grand Slam турнирінің екінші жарыс күнінде іріктеу кезеңінен аса алмады, деп  Olympic.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz  хабарлайды.

73 келіде татамиге шыққан Жансай Смағұлов ширек финалдық жолдаманы сарапқа саларда қарсыласына жол берді. Отандасымызды жарыстың екінші кезеңінде швециялық Томми Мациас жеңіп кетті.

Ал 81 келіде белдескен Дидар Хамза үшінші айналымда ресейлік Аслан Лаппинаговтан ескерту қағазымен ұтылды.  Әйелдер арасында 63 келіде сынға түскен Иоланта Бердібекова алғашқы айналымда румыниялық Аделина Дорбиеден жеңілді.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу