Грузияда қайтыс болған бойжеткеннің соңғы аудиохабарламасы табылды

1262

Онда белгісіз азамат қызды қорқытып жатқанын естуге болады. 

Грузияда қайтыс болған бойжеткеннің соңғы аудиохабарламасы табылды

Желіде Әсел Айтпаеваның қайтыс болар алдында құрбысына жолдаған аудиохабарламасы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Онда шамамен жасы 40-50 шамасындағы Бесо есімді азамат сезімін білдіріп, кейін зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытып жатқанын естуге болады. Сонымен қатар күдікті көлік ұрлығы үшін 10 түрмеде отырғанын айтады. Бұл аудиожазбадан соң бойжеткен құрбысына "Мен одан қорқамын, ол мені ұрып жіберді" деп хат жазған. Ал кейін байланысқа шықпай қалған. 

Бұл ретте Грузия прокуратурасы қайтыс болған қазақстандықтың өліміне күдікті қамауға алынғанын хабарлады. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, ол 9 қабаттан құлап мерт болған. Грузияның полициясы өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу деген күдікпен қылмыстық іс қозғады", - деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу