Грузияда "Шетелдік агенттер туралы" заң жобасы күшін жойды

541

Бұл туралы осы елдің парламентінің ақпаратында айтылған. 

Грузияда "Шетелдік агенттер туралы" заң жобасы күшін жойды Фото: Turan times

Заң жобасының бастамашысы "Грузия арманы" билеуші партиясы, "Халық күші" қоғамдық қозғалысы мен парламенттік көпшілік аталмыш мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Парламенттің сайтына сілтеме жасай отырып.

"Біз еліміздегі бейбітшілікке, тыныштыққа және экономикалық дамуға, сондай-ақ Грузияның еуропалық интеграция жолында ілгерілеуіне барынша мұқият болуымыз керек. Сондықтан біздің әрбір отандастарымыздың күш-жігерін қарсыласуға емес, елді дұрыс бағытта дамытуға жұмсау қажет.

Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, біз қоғамның әрбір мүшесі алдында жауапты билік ретінде Парламент қолдаған заң жобасын ешқандай ескертусіз сөзсіз қайтарып алу туралы шешім қабылдадық", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Грузияда бірнеше күн бойы "шетелдік агенттер" туралы заң жобасына қарсы жаппай наразылықтар болды. Наразылық 7 наурыз күні Тбилисидегі парламент ғимараты маңында "шетелдік агенттер" туралы заң жобасына қарсылықтан басталып, басылар емес.

Әуелде бейбіт митингке жиналған халық түнге қарай Парламент ғимаратының терезелерін сындырып, ішке кіруге талпынған. 

Акция қорытындысы бойынша 7-8 наурызда 133 адам ұсталды. Оларға ұсақ бұзақылық пен полицияға бағынбау туралы Әкімшілік заңбұзушылықтар жүктелген. Бір наразылық білдірушіге полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген айыппен жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу