Ғылыми-техникалық қызметке салынған инвестиция көлемі қысқарды

477

Салымдардың 90%-ын кәсіпорындар өз қаражаты есебінен қамтамасыз етті.  

Ғылыми-техникалық қызметке салынған инвестиция көлемі қысқарды Фото: kazgazeta

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет саласындағы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 35,3 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғыға қарағанда құндық мәнде 20,5%-ға аз. Инвестиция көлемінің нақты қысқаруы – 24,1%, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік бөліністе салымдардың ең көп көлемі Астанаға тиесілі (7,8 млрд теңге). Одан кейінгі орындарда Алматы қаласы (6,4 млрд теңге) мен Қызылорда облысы (4,8 млрд теңге) орналасқан. Үздік үштікке аталмыш сектордағы инвестициялардың жалпы көлемінің 53,8%-ы тиесілі болды.

Инвестициялардың ең аз көлемі жаңадан құрылған Жетісу облысында тіркелді (112,1 млн теңге). Антилидерлер үштігіне Павлодар (147,6 млн теңге) және Алматы (205,8 млн теңге) облыстары кірді.

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты болған. Осылайша инвестиция портфелінің бірден 90,4%-ын немесе 31,9 млрд теңгені қамтамасыз еткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,5%-ға аз.

Республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 195,5 млн теңге бөлінді. Банктік несиелер 28,1 есеге, банктік емес қарыз қаражаты 81,3%-ға қысқарды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу