Ғылыми зерттеу және әзірлеу саласындағы көрсеткіштер төмендеген

753

Инфекцияға қарсы препараттарды өндіру және зерттеу саласында 908 млн теңгенің қызметі көрсетілген, бұл былтырғымен салыстырғанда 44%-ға аз, деп хабарлайды energyprom.kz 

Ғылыми зерттеу және әзірлеу саласындағы көрсеткіштер төмендеген

Биылғы үш тоқсандағы препараттарды ғылыми зерттеу және әзірлеу саласындағы қызметтер 72,3 млрд теңгені құраған, бұл да өткен жылға қарағанда 14,4%-ға төмен, физикалық көлемі индексі бар-жоғы – 83%.

Экономиканың бақыланбайтын саласын есепке алмағанда, осы салада 71,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Бұл көрсеткішті ел аумағына бөлсек, барлық қызметтің 55,1%-ы Алматыға тиесілі. Мұнда 39,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілген, дегенмен де бұл былтырғымен салыстырғанда құны тұрғысынан 7,3%-ға аз.

Сондай-ақ, қызмет көрсетулердің көптігі жағынан алғашқы үштікке Алматыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (14,3 млрд тг, жылына қосу 1,1%) мен Шығыс Қазақстан облысы (6 млрд тг, бытырғыдан 18,1%-ға аз) тұр. 

Препараттары әзірлеу және өндіру саласындағы ең аз қызмет Шымкентте көрсетілген, мұнда қызметтердің көлемі 67,1 млн теңгені құрап, өсім жылына 36,9%-ды құраған.

Биыл жаратылыстану мен инженерлік салада зерттеулер көп жасалған, барлық зерттеудің 86,7%-ы осы салаға қатысты. Соның ішінде әсіресе, биотехнология саласында (4,2 млрд тг), жобалау, құрылыс, жөндеу жұмыстары, автокөлік жолдары мен көпірлерді диагностикалау, күтіп ұстау (4 млрд тг) бағыттарында және ғарыш қызметінде (3,3 млрд тг) зерттеу жұмыстары көбірек жүргізілген. Ал қызметтің 13,3%-ы – қоғамдық және гуманитарлық ғылым саласында.
Инфекцияға қарсы препараттарды  әзірлеу және зерттеу 907,7 млн теңгені құраған, бұл осыдан бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 44%-ға аз.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу