Халық қарсы деуге әлі ерте – Ерлан Қошанов Конституциядағы "Назарбаев нормасы" туралы айтты

4795

"Нұрсұлтан Назарбаев – Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" деген норма Конституцияға енгелі отыр. Бұл мәселеде неге халықпен ақылдаспадыңыздар? 

Халық қарсы деуге әлі ерте – Ерлан Қошанов Конституциядағы "Назарбаев нормасы" туралы айтты

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановқа журналистер осындай сауал қойды.

"Біз әзірге жобаны ғана талқылап тұрмыз ғой. Референдум арқылы ма, Парламент арқылы ма – қандай жолмен талықаланатыны алдағы уақытта белгілі болады. Парламент те халықтың өкілі", - деді Ерлан Қошанов.

Оның айтуына қарағанда, журналистер тым алға кетіп қалып отырғанға ұқсайды.

"Халық қарсы болып отыр деп айту әлі ерте. Бұл әлі дауысқа салынған жоқ. Мәселе әлі талқыланған жоқ. Ал енді біздің мемлекет алғаш құрылғанда президент болған Нұрсұлтан Назарбаев қой. Ол тарихи оқиға. Біз бұл Конституцияда тарихи бағасын ғана көрсетеміз"

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу