"Халық" қоры қайырымдылық акцияға атсалысқан еріктілерге алғыс білдіреді

1608

"Халық" қоры 20 мың азық-түлік жиынтығын құрап, оларды төтенше жағдай режимі мен карантин кезеңінде қиын жағдайға тап болған мұқтаж отбасыларға жолдады.

"Халық" қоры қайырымдылық акцияға атсалысқан еріктілерге алғыс білдіреді

"Халық" қайырымдылық қоры аз қамтылған отбасыларға арналған акцияны өткізуге атсалысқаны үшін Қазақстандық еріктілер қозғалысына алғыс білдіреді.

Бұған дейін "Халық" қоры 20 мың азық-түлік жиынтығын құрап, оларды төтенше жағдай режимі мен карантин кезеңінде қиын жағдайға тап болған мұқтаж отбасыларға жолдады.

Бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып, еліміздің еріктілер қозғалысы қолдады. Олар ҚР Президенті жариялаған "Еріктілер жылы" аясында тиісті отбасыларға азық-түлікті тікелей жеткізумен айналысты.

Еріктілердің айтуынша, атаулы көмекті алған тұрғындар шын жүректен жомарт жандарға алғысын білдірген. Міне, бұның өзі бүгінгі күндері бизнестің әлеуметтік қолдауы мен азаматтық қоғамның нығаюының маңыздылығын тағы да бір дәлелдей түсті.

"Халық" қайырымдылық қоры Қазақстанның барлық еріктілер қозғалысына үлкен алғысын білдіреді. Сіздердің ұйымшылдықтарыңыздың арқасында адамдар дер кезінде азық-түлік жиынтығын ала алды. Осындай жас, ынталы және қайырымды азаматтардың арқасында еліміздің іргесі берік болады",– деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу