Халық санағы кезінде нұсқаушы-бақылаушы, интервьюер болып жұмыс істеуге болады

780

Халық санағын өткізу кезінде нұсқаушы-бақылаушы және интервьюерлер керек болады. Осыған байланысты Елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен қалалық Статистика департаменті жұмыс орындары ашылатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Халық санағы кезінде нұсқаушы-бақылаушы, интервьюер болып жұмыс істеуге болады

Ниет білдіргендер +7 747 190 98 39, +7 747 190 98 19 нөмірлеріне қоңырау шалып, егжей-тегжейлі біле алады.

"Нұсқаушы-бақылаушылар мен интервьюерлерді қабылдау жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білімі бар 18 жастан асқан адамдар арасында жүргізіледі. Бұл ретте жұмыс өтілі талап етілмейді", – деп жазылған әкімдік сайтындағы хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Қазақстанда онлайн-халық санағы басталды, ол sanaq.gov.kz сайтында 15 қазанға дейін жалғасады.

Онлайн-режимде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін дәстүрлі жаппай аралау 1 қазан мен 30 қазан аралығында өтеді. Санақ кезінде сұхбат алушылар планшет пайдаланады. Алынған мәліметтер тікелей жалпы мәліметтер базасына жіберіледі. Санақ санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жүргізілетін болады, денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында интервьюерлер міндетті түрде вакцинациялануға тиіс. Санақ қызметкерлерінің мамандарына жалақы есептелетінін, көлік карталары берілетінін атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу