"Арнайы IT білім беру бағдарламалары шеңберінде кемінде 10 мың жас маман дайындалатын болады. Сондай-ақ студенттерге жатақханалардан жаңадан 10 мың орын беріледі", – деді министрлер кабинетінің жетекшісі.
Айта кетейік, жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов елді дамыту үшін атқарылған шаралар мен үкіметтің алдағы жоспары туралы баяндады.
Ол жалпы инженер мамандарды даярлауға баса назар аударылып, гранттар саны 40 пайыздан 60 пайызға ұлғаятынын айтқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу