Албания астанасы Тиранада Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқтан жапа шеккендердің саны – 10 адам. Жалпы шығын көлемі 10,5 млн теңгені құрайды.
Ішкі істер министрлігі алаяқтар оқыту курстарын жарнамалауда төмен баға, эксклюзивті оқыту әдістері мен үздік оқытушылар құрамын ұсынатынын еске салады.
Алаяқтық курстардың негізгі белгілері:
- лицензия мен ресми тіркеудің болмауы;
- оқытушылар мен бағдарлама туралы ашық ақпарат жоқ;
- келісімшартсыз толық төлемді талап ету;
- тәуелсіз платформаларда ұсыным мен пікірлердің болмауы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу