Халықаралық тасымал жасайтын қазақстандық компаниялардың көліктері әбден ескірген

966

Салдарынан жүк тасымалындағы отандық ұйымдардың үлесі 29%-ға төмендеген.  

Халықаралық тасымал жасайтын қазақстандық компаниялардың көліктері әбден ескірген

Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағы осы секторында қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдаудың жалпы көлеміндегі отандық тасымалдаушылардың үлесі 29% - ға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 33% - ды құраған еді.  

Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағының президенті Мақсат Сақтағанов осы саладағы бірқатар мәселені атады. 

"Көліктердің техникалық жағдайы төмен деңгейде, 70%-ын халықаралық тасымалдарға жарамағандықтан есептен шығару керек. Қазақстандық тасымалдаушылар жылжымалы құрам паркін жаңарту және толықтыру үшін қандай да бір көлік құралдарын сатып алу мүмкіндігінен іс жүзінде айырылған, Еуразиялық экономикалық одақ бойынша әріптестерімен жағдайлары тең емес. Олардың халықаралық көлік қызметтері нарығында бәсекеге қабілеттілігі төмендейді, бұл елге үлкен әлеуметтік-экономикалық зиян келтіреді. Қазақстандық тасымалдаушылар еуропалық тасымалдаушыларды айтпағанның өзінде, қазақстандық көлік қызметтері нарығында үстемдік етіп отырған Ресей, Белорусь тасымалдаушыларымен бәсекелесе алмайды", – деді спикер.  

Ал одақ президентінің айтуынша салада мұндай жағдайдың  қалыптасуына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Олар: 
- халықаралық тасымалдарды қолдау және дамыту жөніндегі отандық бағдарламаның жоқтығы;
- автотасымалдаушылардың өз еріктерімен жылжымалы құрамдарын жаңарткы, яғни, еуропалық стандарттарға сәйкес автомобильдерді сатып алу мүмкіндігінен айырылуы;
- Қазақстанда беларустің қатысуымен құрылған көлік компаниялары санының ұлғаюуы. Олар көлік құралдарын уақытша есепке қойғанда (2 жылға) барлық алымдардан босатылады (кедендік, бастапқы тіркеу және кәдеге жарату алымдары);
- халықаралық автомобиль тасымалдары саласына қатысты салық заңнамасындағы кемшіліктер;
- кәдеге жарату алымының жоғары болуына қатысты мәселелер.
"Кәдеге жарату алымының жоғары болуы отандық тасымалдаушылар үшін қосымша жүктеме. Мысалы, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі экологиялық санаты ЕУРО-5 және ЕВРО-6  жүк автокөлік құралын сатып алып,   бастапқы тіркету үшін 700 мың теңге алым мен кәдеге жарату алымы үшін 3,5 млн теңге төлеу көзделген. Қазақстан нарығында кедендік баждар мен кәдеге жарату алымдарын төлеуден босатылған Беларусь көлік компаниялары бар. Ал бұл компаниялардың штатында қазақстандық азаматтар жоқ. Ал бұл мәселелер тек кешенді мемлекеттік қолдау болғанда ғана шешімін табады", – деді одақ президенті Мақсат Сақтағанов. 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу