Халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесі әлі өзекті – Қор

681

Қазақстанда халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесі әлі де өзекті. Қазіргі таңда 3,2 млн адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған. 

Халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесі әлі өзекті – Қор

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айдын Ашуев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Спикердің айтуы бойынша МӘМС жүйесіне кірмеген адамдарды сақтандыру үшін осы жылдың шілде айында "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңға өзгерістер енгізілді. Ол 5 қыркүйектен бастап іске қосылды. 

Сақтандырылмаған азаматтардың 30%-дан астамы онда көрсетілген баламалы әдісті қолданады деп жоспарланып отыр.

"Бүгінгі алаңды пайдалана отырып, Медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалғандарды оған қатысушы болуға шақырамын. Сақтандырылған азаматтарға медициналық қызметтердің көлемі  мен құны шектелмейді. Мысалы, Медициналық сақтандыруға жылына 36 мың теңге шегінде ең төменгі аударымдарды төлейтін дербес төлеушілер медициналық көмектің кең спектріне қол жеткізе алады", – деді Қор басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін біз 3 млн адамның МӘМС жүйесінен тыс қалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу