Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жасырын паналарға қатысты қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бұл қарапайым халық үшін бомбадан сақтануға арналған орын емес. Паркингтер мен жертөлелерді паналар ретінде дайындап жатырмыз. Сондай термин болады. 70 пайызы өндірістік, басқа да стратегиялық кәсіпорындарда орналасқан. Ол тек сол мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге ғана арналған. Әрбір басшылық өзінің жеке құрамына жауапты деп ойлаймыз. Әрине, мұндай мәселе бар. Жергілікті атқарушы органдармен бірге тізім жасайтын боламыз", - деді ТЖМ басшысы Мәжіліс кулуарында.
Тілшілер құрылыс компаниялары бұл норманы қолдап отыр ма деп нақтылады.
"Меніңше, әрбір бизнес өкілі әлеуметтік жауапкершіліктің не екенін және бұл мәселенің маңызды екенін түсінеді. Бұл өте тиімді шешімнің бірі", - деп атап өтті Шыңғыс Әрінов.
Айта кету керек, ТЖМ басшысы халыққа арналған "жасырын паналар" пайда болатынын айтқанын жазғанбыз.