ХАМАС-тың Газаға қатысты келісімінен кейін мұнай бағасы арзандады

124

Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,77%-ға төмендеп, бір баррелінің құны 65,86 долларға дейін түсті.  

ХАМАС-тың Газаға қатысты келісімінен кейін мұнай бағасы арзандады Фото: www.aa.com.tr

9 қазанда Израиль мен ХАМАС Газа секторында атысты доғаруға келіскен соң, әлем нарығында мұнай құны арзандады, деп жазады inbusiness.kz сайты Finmarket.ru порталына сілтеме жасап. 

Сондай-ақ кепілге алынған адамдарды босатуға келіскені мәлім болды.

Reuters мәліметінше, Газа секторындағы соғыс мұнай бағасының жоғары болуына әсер еткен. Өйткені инвесторлар соғыстың бүкіл Таяу Шығысқа тарап, одан да ауқымды жанжалға ұласа ма деп қауіптенді.

Жаһандағы геосаяси тұрақсыздық мұнай бағасына тікелей әсер ететіні белгілі. Мәселен, сәрсенбі күні қара алтын құны 1%-ға көтерілді. Себебі инвесторлар Украинаға қатысты бейбіт келісімнің ауылы алыстап бара жатқанын, соған байланысты Ресейге салынған санкциялар ұзаратынын аңғарды. 

Ал, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдайтынын мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу