Хаменова мен Рысқалиевке қатысты тергеу басталды

1451

Олар пара алу күдігіне ілінген.

Хаменова мен Рысқалиевке қатысты тергеу басталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысына қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz Antikor News-ке сілтеме жасап.

"Олар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Күдікті ұсталып, Атырау қаласының ПБ УҰИ-на қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу