Британ корольдік отбасының ресми сайтында ханзада Гарридің атағы алынып тасталды, деп жазады inbusiness.kz GBN телеканалына сілтеме жасап.
Ұлыбритания ханзадасы мен оның жұбайы Меган Маркл корольдік отбасы мүшелерінің міндеттерінен бас тартқан соң үш жылдан кейін бұл атақ сайттан алынып тасталды.
Бұдан бөлек ханзада Гарридің суреті король отбасы мүшелерінің тізімінің соңына қарай орналастырылды. Сайт бетінде Сассекс герцогінен кейін ханзада Эдвард, Кент герцогі, Меган Маркл және ханзада Эндрю бар.
Айта кету керек, 2020 жылы ханзада Гарри мен Меган Маркл корольдік міндеттерді орындаудан бас тартып, кейін АҚШ-қа көшіп кеткен болатын.