Химия ғылымы бойынша 2024 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

271

Швеция Корольдік ғылым академиясы сыйлықты биыл ақуыз құрылымына есептік талдау жасаған ғалымдарға берді.

Химия ғылымы бойынша 2024 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды Фото: apa.az

Беделді сыйлық үш ғалымға берілді: Дэвид Бейкер, Демис Хассабис пен Джон Джампер, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дэвид Бейкер сыйлықты "ақуыздың есептеу дизайны үшін" алса, Демис Хассабис пен Джон М. Джампер "ақуыз құрылымын болжағаны үшін" марапатқа ие болды.

Өткен жылы Мунги Бавенди, Луи Брюс және Алексей Екимов бірегей оптикалық және электронды қасиеттері бар диаметрі небәрі бірнеше нанометрлік ұсақ бөлшектерді – нанокристалдар немесе жасанды атомдар деп те аталатын кванттық нүктелерді ашып, синтездегені үшін химия бойынша Нобельді алды.

Биылғы Нобель маусымы дүйсенбіде медицина саласындағы лауреаттар – америкалық Виктор Амброс пен Гэри Рувкунды жариялаумен басталды.

Сейсенбі күні физика бойынша бас ғылыми сыйлық машиналық оқыту және нейрондық желілер саласындағы жұмыстары үшін Джон Хопфилд пен Джеффри Хинтонға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу