"Достар, осыдан бірер күн бұрын жеке тұлғаларға ЭЦҚ-ны қашықтан алуға болатыны және жаңа бизнес-үдерістің мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгені туралы жазған едім. Біз бүгін бұл мүмкіндікті eGov порталында іске қосамыз. Соңғы аптада бағдарламашылар командасы ТЖ және карантин режимі кезінде азаматтардың ХҚКО-ға бармай-ақ, электрондық қолтаңба алуына мүмкіндік жасау үшін тәулік бойы жұмыс істеді. Енді, ЭЦҚ алуға өтінімді өзге емес, өзіңіз бергеніңізді растау үшін бейнебайланыс арқылы қосылған ХҚКО қызметкерінің сұрақтарына жауап беру, жеке куәлігіңізді және селфи суретіңізді жүктеуіңіз қажет. Өздеріңізге ұсынып отырған жаңа сервисті пайдаланып көріп, өз пікіріңізді білдіріңіз, көрсетілетін қызметтердің 80%-ын онлайн алыңыз", – деді Асқар Жұмағалиев
Сондай-ақ ол осындай техникалық шешімді жүзеге асыруға қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдірді.