Халыққа қызмет көрсету орталықтары пандемиядан кейін де қазіргі форматта жұмыс істеуін жалғастырмақ. Мұны Atameken Business арнасына берген сұхбатында сала маманы айтты.
Бүгінде тұрғындар ХҚКО-ға кезектерін электронды түрде сайлап, тек белгіленген уақытта бара алады. Бұл жүйе бұған дейін де бар еді. Бірақ толықтай жүзеге аспады. Карантин кезінде мұндай форматтың ел үшін қауіпсіз әрі уақыт жағынан тиімді екенін көрсетті. Алайда әлі күнге дейін кезегін сарыла күтетіндер көп. Бірі – дұрыс түсіндірмеді десе, екіншісі – мұндай жүйеден мүлдем бейхабар. Арна тілшісі Арай Сүгірбай қызмет көрсету сапасын көірп, халықтың пікірін біліп қайтты: