Хромтаудағы жер үйде болған жарылыстың себебі анықталды

1041

Баспанада қауіпті сұйықтық сақталған.

Хромтаудағы жер үйде болған жарылыстың себебі анықталды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылындағы жер үйдегі жарылысқа не себеп болғаны анықталды. Ол 5 литрлік құтыда сақталған газ конденсаты екен, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Жер үйдегі қатты жарылыстан оның бір жағы опырылып құлап түскені, бірнеше адамның ауруханаға түскені жөнінде бұған дейін жазған болатынбыз. 

"Үйге келіп тұрған газ жұмыс істеп тұр, ол еш зақымданбаған. Жарылысқа бес литрлік конденсат себеп болған. Қазіргі кезде бұл материалдар ішкі істер органдарына жолданды, әрі қарай олар тергеу амалдарын жүргізеді. Сондай-ақ, алдағы он күнде лабораториялық сараптама қорытындысы беріледі", - деді облыстық ТЖ департаментінің бас маманы Аслан Арзымбетов. 

Белгілі болғандай, сұйықтық 5 литрлік пластик ыдысқа сақталған. Үй иесі оны тұрмыста қолдану үшін алып келіпті. Сол сияқты, үйдің өзі де 1960 жылы салынған ескі баспана екен. Жарылыс салдарынан зардап шеккендердің ішінен біреуі ауруханадан шығарылған, бесеуі жансақтау, тағы бірі хирургия бөлімшесінде жатыр екен. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу