Huawei Google-мен байланыс жасауды тоқтатты

1870

Қытай смартфондарында Google play мен Gmail поштасын пайдалану шектеледі.

Huawei Google-мен байланыс жасауды тоқтатты

Huawei телекоммуникациялық компаниясы Google-мен байланыс жасауды тоқтатты. Енді ол ашық қолданыстағы өнімдерінен басқасын пайдалана алмайды. Бағдарламамен қамтамасыз ету және технологиясын қолдану мүмкіндігі болмайды, деп хабарлайды Atameken Business.

­­Мәселен, бұдан былай Huawei-де Android мобильді операциялық жүйесі жаңғыртылмайды. Сонымен қатар қытай смартфонының иелері үшін Google play мен Gmail электронды поштасын пайдалану шектеледі.

Дегенмен, бүгін Huawei менеджерлері америкалық чиптерсіз де қызмет көрсете алатындарын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 5 күн бұрын Трамп АҚШ-тың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қорғау үшін төтенше жағдай режимін енгізу туралы бұйрыққа қол қойған. Кейін Сауда министрлігі ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін Huawei компаниясын қара тізімге енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу