ХВҚ 25 жылда алғаш рет жаңа банкнот басуды ұйғарған Сомалиге көмек қолын созбақшы

977

ХВҚ 25 жылда алғаш рет жаңа банкнот басуды ұйғарған Сомалиге көмек қолын созбақшы

Халықаралық валюта қоры ескі банкноттарды жаңасымен алмастыруды ойға алған Сомалидің орталық банкінің жоспарын қолдап отыр, деп мәлімдеді ХВҚ-ның осы елмен байланысына жауапты  Самба Тиам.
"Айналымда жүрген банкноттардың 98%-ға жуығы жалған ақша. Ал 1990-1991 жылдары басылып шыққан қалған 2%-ының тозығы жетті", – деп мәлімдеді ол  көрші жатқан Кенияның астанасы Найробиде өткен жиында.
Елдің ресми валютасы – сомали шиллингінің бағамы ресейдің шамамен 10 тиынын құрайды. Сондай-ақ елде америка доллары да кеңінен қолданылады.
Жаңа купюралар шығару орталық банктің  ақша-несие саясатын жүзеге асыру мүмкіндігін қайта қалпына келтіріп,  5,3 млрд доллар сыртқы қарызды есептен шығару туралы келіссөздерді бастауда маңызды фактор болмақ.
Bloomberg агенттігінің жазуынша, 1991 жылы диктатор Мохаммед Сиад биліктен кеткен соң елде анархия орнады.  Дүниежүзілік банк Сомалиді әлемдегі ең кедей бес елдің қатарына жатқызады (мұнда жан басына шаққандағы жылдық табыс 435 долларды құрайды), ал Transparency International Сомалиді әлемдегі  жемқорлық әбден жайлаған  ел деп таныған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу