"Иә, ауыр, бірақ ақиқаты сол": Төреғалидің әйелі көп әйел алуға қатысты ойын айтты

5898

Ол екінші әйел алатын болса, менен сұрамайды, деді әншінің жары.

"Иә, ауыр, бірақ ақиқаты сол": Төреғалидің әйелі көп әйел алуға қатысты ойын айтты Фото: Instagram/toregalitoreali

"Ұлы дала баласы" Төреғали Төреәлі "ННН Show" бағдарламасында екінші әйел алуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған қатысты Төреғалидің жұбайы Толқын Тұрарбекқызына оқырмандары көзқарасын білу үшін сұрақ жолдады.

"Біріншіден, жолдасым "тағдырыма екінші әйел алу жазылған болса, аламын, жазылмаған болса, алмаймын" деді.

Екіншіден, тағы әйел алатын болса, менен сұрамайды. Сұрауы да міндетті емес. Сондықтан қарсымын ба жоқ па айта алмаймын. Иә, ауыр мүмкін, бірақ ақиқаты сол", - деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі отандық бағдарламалардың бірінде екіншә әйел алуға қатысты ойын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу