ИИДМ: Ұсталған вице-министр 3 жыл бұрын өз еркімен жұмыстан кеткен

601

Бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаев Индустрия министрлігінде 2019 жылдан бері жұмыс істемейді. Бұл туралы inbusiness.kz министрлікке сілтеме жасап хабарлайды.  

ИИДМ: Ұсталған вице-министр 3 жыл бұрын өз еркімен жұмыстан кеткен Фото: primeminister.kz

"Тимур Тоқтабаев 2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде министрдің орынбасары лауазымында жұмыс істеген. Кейін 2019 жылғы 5 наурыздан 17 желтоқсанға дейін экс-шенеунік ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде вице-министр қызметін атқарған. 2019 жылдың 17 желтоқсанында, яғни 3 жыл бұрын Т.Тоқтабаев вице-министр қызметінен өз еркімен кеткен", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бұған дейін пайдалы кен орындарын заңсыз үлестірді деген күдікпен бұрынғы вице-министр ұсталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу