ІІМ Алматы академиясында киберқылмысқа қарсы тұрудың жолдары талқыланды

544

Жиында ақпаратты қорғаудан бастап криптовалюта айналымына дейінгі түрлі салаларда киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі сарапшылар өз тәжірибесімен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz.

ІІМ Алматы академиясында киберқылмысқа қарсы тұрудың жолдары талқыланды Фото: gov.kz

Спикерлер киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың қыр-сырына тоқталып, оларды шешу жолдарын, бағдарламалық қамтамасыз ету мен интернет-алаяқтықты анықтайтын кешендерді, блокчейн-технологиялармен байланысты қылмыстарды пайдалана отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау және ашу жолдарын белгіледі.

Банк қызметі саласындағы киберқауіпсіздіктер бойынша Қаржы нарықтарын реттеу агенттігінің, Halyk Bank, Kaspi Bank, Банк Центр Кредит және ВТБ банк өкілдері өз пікірлерімен бөлісті.

Ақпараттандыру және байланыс желісі бойынша заңнама және құқық бұзушылықтар, жалған нөмір ауыстырып интернетте алаяқтық жасайтындар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын алаяқтықтарды ашу және тергеу ерекшеліктері мәселелері ұялы байланыс компанияларының өкілдерімен, ІІМ Академиясының Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушыларымен талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу