Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді қоспағанда, 1 150 қылмыстық іс бар.
"Олардың негізгі бөлігін ұрлықтар құрайды – 157, қарудың заңсыз айналымы – 146, қасақана бөтеннің мүлкін бүлдіру – 23 және тағы басқалар. Қамауға алынған барлық күдікті адамдар адвокаттармен қамтамасыз етілді және күзетпен ұстауға алуда залалдың орнын толтыруға мәжбүрлеу мақсаты жоқ", – деп сендіреді Әділов.
Әділов күдіктілер "бүгінгі таңда" толықтай адвокатпен қамтылып отыр ма, жоқ әлде "қаңтар оқиғасы болғалы" солай ма – ол жағын анық айтпайды. Бұл жиын "баспасөз брифингі" деп аталғанымен, онда сұрақ қою мүмкіндігі болмағанын айта кетейік.
Әсілі күдіктілер адвокатпен "бүгінгі таңда" толық қамтылып отырған болуы мүмкін. Себебі сот барысында адвокат берілмегенін айтушылар бар. Солардың бірі – өскемендік блогер Александра Осипова.
Тасқын Болатұлы