ІІМ: Заңдастырылуы тиіс рулі оң жақта орналасқан 20 мыңнан аса көлік бар

814

Елімізде заңдастыруға жататын 300 мыңнан астам көлік бар. Соның ішінде рулі оң жақта орналасқан көлік құралдарының саны 20 мыңнан асады.  

ІІМ: Заңдастырылуы тиіс рулі оң жақта орналасқан 20 мыңнан аса көлік бар Фото: yandex.kz

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, бұл көліктерді қымбат автомобиль мінуге жағдайы жетпейтін тұрғындар әкелген, деп жазады inbusiness.kz.

"Олар арзан көліктер сатып алуға мәжбүр болған шығар. Рулі оң жақта орналасқан көліктің сол рульді көліктерге қарағанда әлдеқайда арзан екенін жақсы білесіздер. Заңдастырудың негізгі мәні де бұл санаттағы адамдарға көмектесу болып отыр. Мемлекет басшысының өзі бұл көліктерге мұқтаж тұрғындарға түсіністікпен қарап отыр. Себебі бұл көліктердің арқасында көптеген адам өз отбасыларын асырап, жұмыс істеп, күн көріп жүр", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Осы тұста тілші одан "Рулі оң жақта орналасқан көлік иелері осы уақытқа дейін тіркеусіз әрі қажетті құжатсыз жүрген бе?" деп сауал қойды.

"Иә. Енді олар көліктерін заңдастырады. Негізінен олардың барлығы сақтандыру құжаты бойынша жүрген", - деді спикер.

Айта керек, осыған дейін шетелден көлік алғандар 200 мың теңге бастапқы алымнан бөлек басқа да төлемдер жасауы тиіс екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу