ІІМ жол апаттарының басты себебін атады

637

Жолда көз жұмғандар мен жарақат алғандардың төрттен бірі – жаяу жүргіншілер. 

ІІМ жол апаттарының басты себебін атады

"Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жолдағы қайғылы оқиғаларының басты себебін атады. Оның сөзінше тас жолдағы апаттардың дені жүргізушілердің жол ережесін бұзуы салдарынан орын алады.

"Жол апттарының үштен бірі жылдамдықты асыру салдарынан орын алады. Биыл мұндай 2833 оқиғада 527 адам қайтыс болып, 3918 адам жарақат алды. Жолда көз жұмғандар мен жарақат алғандардың төрттен бірі – жаяу жүргіншілер. Биыл осындай ЖКО-ларда 344 адам көз жұмып, 2897 адам жарақат алды. Ал жаяу жүргіншілердің қателігінен 356 жол апаты орын алса, салдарынан 75 адам қайтыс болып, 298 адам жарақаттанды", – деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Жол апаттарының 75%-ы елдімекендерде орын алған. Сонымен қатар жалпы жолда қайтыс болғандардың 40%-ы осындай жағдайда көз жұмған. Сондықтан ІІМ қауіпсіздік шараларын күшейтуге кіріскен.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу