Көп ұзамай оның анасы Мэй Маск әлеуметтік желіде ұлы мен 39 жастағы Meta басшысы Марк Цукерберг арасында "тордағы жекпе-жектің" болмайтынын жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
"Ешқандай әзілсіз, тек тіл жарысы. Бір-бірінен 4 фут (120 см) қашықтықта отырулары керек. Кімнің әзілі ұтымды болады, сол ұтады", - деп жазды Мэй Маск.
Кейін ол тағы бір хабарлама қалдырды: "Негізі мен жекпе-жекті тоқтаттым, бірақ оларға айтқан жоқпын. Тағы да айтамын жекпе-жек болмайды!". Оған Маск күле жауап берді.
Илон Маск пен Марк Цукербергтің жекпе-жегі туралы 22 маусымда белгілі болды. Оған Meta-ның Twitter-ге бәсекелес болатын жаңа әлеуметтік желі шығару туралы хабарламасы түрткі болды. Цукерберг Масктан "геолокацияны" жіберуді сұраған, оған Маск "Вегас октагон" деп жауап беріп, жекпе-жекке шақырды.