Індет қайдан келді?

888

Эпизоотияға қарсы жасақ індет ошақтарын залалсыздандыруда. 

Індет қайдан келді?

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Солтүстік Қазақстан облысыдағы эпизоотиялық жағдай туралы брифингте Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті жүргізген арнайы мониторинг нәтижелерімен бөлісті.

"4 тамыздан бастап Ресейден құс және құс шаруашылығы өнімдерін кіргізуге тыйым салынған. Кейін Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотиялық жағдайды мониторинг жасауға кірісті. Нәтижесінде үй құстары мен жабайы құстар миграция кезінде ортақ су қоймаларынан су ішіп, індетті жұқтырғаны анықталды", – деді вице-министр. 

Құстардың қырылуы тіркелген ауылдық округтерде әкімдіктер шешімімен карантин жарияланған. Ал құс тұмауы тіркелген аймақтарда Эпизоотияға қарсы жасақ іске кірісті. 

"Ол Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аясындағы індет ошақтарын ауыздықтаумен айналысатын ұйым. Оның шатында 220 адам жұмыс істейді. Ал індет өршіп тұрған кезде 500-ге дейін маман жұмысқа тартылады. Қазіргі кезде СҚО-да 79 маман, Қостанай облысында 61 маман, Павлодар облысында 58 адам, Ақмола облысында 64 адам жұмыс істеуде. Олар өлекселерді жойып, нысандарды залалсыздандырумен айналысады", – деді Гүлмира Исаева. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу