Індет кесірінен мұнай құны арзандап жатыр

595

Халықаралық энергетика агенттігі 2020 жылы "қара алтынға" деген сұраныс 8,8 млн баррельге (бір тәуліктегі көрсеткіш) қысқарады деп отыр.

Індет кесірінен мұнай құны арзандап жатыр

13 қарашада өткен сауда қорытындысына сүйенсек, әлемдік мұнай бағасы сәл төмендеді. АҚШ, Азия және Еуропа құрлығында індет кең етек жайып, салдарынан шикізатқа деген сұраныс азаюы мүмкін. Осындай күдіктер нарықтағы бағаның төмендеуіне әкеліп соқты. 

Соңғы мәлімет бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 1,42%-ға кеміп, 42,91болды. WTI баррелі 1,82%-ға арзандап, қазір 40,37 долларға саудаланып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, мұнайға деген сұраныстың динамикасын болжау қиынға соғуда. Өйткені әлемде вирус жұқтырғандардың саны күн санап өсуде, бірқатар елде шектеу шаралары қайтадан енгізіліп жатыр. 

Халықаралық энергетика агенттігі болса, BioNTech пен Pfizer бірігіп жасаған вакцина туралы жаңалық сұраныстың келесі жылдың соңына дейін артуына себеп болмайды дегенді алға тартты. Оның болжамы бойынша, 2020 жылы "қара алтынға" деген сұраныс 8,8 млн баррельге (бір тәуліктегі көрсеткіш) қысқармақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу