Қытайдағы жол апаты 19 адамның өмірін жалмады. Тағы 60-тан астам жолаушы жараланған, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл – өңірдің солтүстігіндегі тасжолдардың бірінде болған оқиға. Қосқабатты автобус жол бойында аударылып қалған. Қазір оның не себепті апатқа ұшырағаны анықталып жатыр. Полиция жүргізушіні тергеуге кірісті. Ал жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын компания жапа шеккендерге 10 мың 200 АҚШ долларынан астам өтемақы төлейтінін мәлімдеді.
Индонезияда да осындай ірі жол апаты болды. Батыс Ява аралында автобус мотоциклмен соқтығысып, 27 адам опат болды. 16 жолаушы жараланған. Мұнда да көліктің апатқа ұшырауына не себеп болғаны белгісіз. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу