Индонезиядағы зілзала салдарынан аурухана қирады

1239

Жеті адам қаза тапты. 

Индонезиядағы зілзала салдарынан аурухана қирады

Индонезияда жер сілкінісі болып, салдарынан аурухана қирап қалды. Қирандылардың астында мекеме қызметкерлері мен науқастар бар. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. 

Үш адамның қаза тауып, ондаған тұрғынның түрлі деңгейде жарақат алғаны жарияланды. Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Ресми дерек бойынша, зілзала ошағы Сулавеси аралындағы Мамуджу қаласының маңында анықталған. Дүмпудің магнитудасы – 6,2.

Жеті адамның қаза тауып, жүздеген тұрғынның түрлі деңгейде жарақат алғаны жарияланды. Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 

Еске сала кетсек, 9 қаңтарда Sriwijaya Air деп аталатын жергілікті әуе компаниясының ұшағы әуе көтерілгеннен кейін 4 минут өткен соң жоғалып кеткен еді. Кейін оның теңізге батып кеткені белгілі болды. Оның бортында 62 адам болуы мүмкін деген мәлімет жарияланды. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу