Инфляциялық күтулер өсуде

Оған жанармай мен коммуналдық қызметтің қымбаттауы ықпал етіп отыр. 

Инфляциялық күтулер өсуде Фото: Aikyn.kz

Жылдық инфляция болжамды диапазон шегінде қалыптасуда. Бұл туралы Ұлттық Банк хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Жылдық инфляция болжамды диапазон шегінде қалыптасуда және 2023 жылғы маусымда 14,6%-ды құрады. Айлық инфляция мамырда төмендеу үрдісін қайта жалғастырып, маусымда 0,5%-ға дейін баяулады. Жанар-жағармай бағасы көтерілуінің жанама әсері әлі байқалмайды. Алайда, базалық инфляция көрсеткіштерінің әлсіз баяулауы экономикада орнықты сұраныстың сақталғанын көрсетеді", – деп жазылған хабарламада.

Инфляцияның баяулауына қарамастан, инфляциялық күтулер жеделдеуде.

"Бір жылдан кейін күтілетін инфляция маусымда 17,2% (мамырда – 17%) болды. Сезілетін инфляция маусымда 18,8%-ды құрап, бұрынғыдай жоғары күйінде қалып отыр. Байқалып отырған инфляциялық күтулердің өсуі жанар-жағармай мен тұрғын-үй коммуналдық қызмет бағаларының көтерілуіне болжанған реакция болып табылады", – деп хабарлады бас банк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу