Интернет-алаяқтық туризммен бірге "дамып" келеді

712

Алаяқтар қонақ үйлерді брондау және әуе билеттерін сату сервистері түрінде көптеген фишингтік парақшаларды жасап, таратып жатыр.

Интернет-алаяқтық туризммен бірге "дамып" келеді

Қазақстанға туристік ағынның өсуі аясында алаяқтар тұрғын үйді брондау және авиабилеттерді сату қызметтерін белсенді түрде қолдан жасауға кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz "Kaspersky" мәліметтеріне сүйеніп.

2022 жылы Қазақстанға туристік ағын коронавирустық пандемияға байланысты құлдыраудан кейін қалпына келе бастады. еQonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері Қазақстан аумағына 195 мың шетелдік турист келген. Оның 67% ― Ресейден, 16% ― Өзбекстаннан, 6% ― Түркиядан, 4% ― ҚХР-дан және 7% – басқа мемлекеттерден келген туристер.

Туристік ағын 2022 жылдың басынан бастап ай сайын өсіп келеді. Мәселен, қаңтар айында елге 6 мыңға жуық турист келді, ал шілде айында бұл көрсеткіш 50 мыңға жуық адамға жетті.

Алайда туризмнің дамуымен бірге интернет-алаяқтардың белсенділігі де артып келеді. "Kaspersky" сарапшыларының деректері бойынша алаяқтар қонақ үйлерді брондау және әуе билеттерін сату сервистері түрінде көптеген фишингтік парақшаларды жасап, таратып жатыр.

Жалған брондау қызметтерінде адамдарды тартымды тұрғын үйге тапсырыс беруге итермелейтін қонақжай үй иелері туралы қызықты сипаттамалар мен әңгімелер болуы мүмкін, алайда шындығында ақшаға алаяқтар ие болады.

Саяхатшыларды алдаудың тағы бір танымал тактикасы-лотереялар мен сыйлық карталары бар жалған парақшаларды жасау. Оларға билетті сатып алуға жомарт жеңілдік орнына шағын сауалнама жүргізіп, жеке деректерді енгізу ұсынылады. Әдетте мұндай парақшалар банк карталарынан жеке мәліметтер мен ақпаратты жинау үшін жасалады. Сауалнама соңында сыйлық алу үшін достарыңызға сайтқа сілтеме жіберуді сұрау жиі пайда болады. Мұндай жағдайларда алаяқтар жәбірленушіні скамды одан әрі тарату үшін пайдаланады ― егер таныс адамнан келген сілтеме болса, адамның оны ашу ықтималдығы жоғары болады. Егер сіз сілтеме бойынша өтсеңіз, онда жүлдені алу үшін белгілі бір комиссияны төлеу керек екендігі туралы хабарлама пайда болады. Мұндай комиссия зиянкестердің табысы болып табылады.

Алаяқтық схемалар жалған сайттардан жеңілдікпен билеттерді сатып алуды ұсынумен де айналысады, өйткені туристер көп жағдайда кері қайтатын билетті сатып алмайды.

Мұндай ресурстарды әдетте нақты ресурстардан ажырату қиын: оларда нақты рейстер туралы мәліметтер бар, өйткені тәжірибелі фишерлер ресми агрегаторлар арқылы алынған ақпаратты пайдаланады. Егер пайдаланушылар осындай парақшада сатып алуды ресімдесе, онда олар уәде етілген билеттерді алмайды. Сонымен қатар алаяқтар екі есе ұтыста қалады-ақша да, жеке ақпарат та олардың қолында болады, кейіннен ақпарат, мысалы, дарквебте сатылымға шығарылуы мүмкін.

"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарушы директоры Даниел Сержанұлы Қазақстанда туризм саласында шетелдік туристерге қатысты алаяқтық схемалар әзірге елге келу әсерін нашарлататындай кең таралмаған деп есептейді. Алайда РФ-дан Қазақстанға келетін қонақтар ағынының өсуін ескере отырып, Сержанұлы Қазақстандағы туризм саласындағы алаяқтық деңгейі де өседі деп санайды.

Сапарды қауіпсіз жоспарлау үшін "Kaspersky"-дің мамандары:

- логин мен пароль сияқты құпия ақпаратты енгізбес бұрын мекенжай жолына мұқият қарауды. Егер мекенжай сілтемесі күдік тудырса (мысалы, емле түпнұсқаға сәйкес келмесе немесе әріптердің орнына арнайы таңбалар қолданылса), сайтқа деректерді енгізудің қажеті жоқ. Егер күмән туындаса, сілтеменің сол жағындағы құлып белгішесін басу арқылы сайт сертификатын тексеруді;
- тұру орнын және билеттерді тек сенімді сайттарда брондауды және сайттың мекенжайын қолмен теруді;
- белгісіз дереккөздерден (электрондық поштаға, мессенджерлерге немесе әлеуметтік желілерге келетін) сілтемелер бойынша өтпеуді;
- поштаға келетін немесе әлеуметтік желілерде, компанияның ресми сайтында пайда болатын жеңілдіктер туралы ақпаратты тексеріп, тартымды ұсыныспен хабарландыру жүргізетін сілтемелерді мұқият тексеруді;
- Kaspersky Security Cloud сияқты спамнан және фишингтен қорғау функциялары бар сенімді шешімді пайдалануды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу