Интернет тартылмаған үйлер пайдалануға берілмейді – Бағдат Мусин

615

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай келісімге келген. 

Интернет тартылмаған үйлер пайдалануға берілмейді – Бағдат Мусин

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин пандемия интернет сапасын қадағалаусыз қалдырмау қажеттігін көрсеткенін айтады. Сондықтан министр интернет сапасына қойылатын талаптар да күшейтілетінін жеткізді.

"Тұрғын үй кешендерін оптикалық арналарсыз пайдалануға беруге тыйым салынады. Бұл коммуникация желілері сияқты. Олар тартылмаған үйде тұрғындар тұрмайды. Сондықтан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсыныс жасадық, нәтижесінде осындай келісімге келдік", – деді Бағдат Мусин.

Бұған қоса интернет сапасына қатысты мәселелерді шешу үшін "Байланыс бар" халықтық бақылау сервисі іске қосылады. 

"Бұл сервис негізінде кез келген пайдаланушы бір батырманы басу арқылы біздің дерекқорға ғаламтор жылдамдығы туралы ақпарат жібереді. Бұл өңірлердегі интернет жылдамдығы мен сапасы туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Сәйкесінше осы деректердің нәтижесінде елдегі интернет сапасын бақылап отырмыз. Кейін біз арнайы құрылғыларымен қамтылған әлсіз сигналды түзету мен айыппұл салуға құқығы бар бақылаушыларды жібереміз. Бұл халықтың шағымдарына жауап беруге мүмкіндік береді", – деді министр. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу