"Интимдік видеоны таратамын": Ақтөбеде бұрынғы қызын бопсалаған ер адам ұсталды

340

 Ол көршілес облыстың 38 жастағы тұрғыны болып шықты. 

"Интимдік видеоны таратамын": Ақтөбеде бұрынғы қызын бопсалаған ер адам ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Ақтөбе облысында интимдік сипаттағы бейнежазбаларды таратамын деп қорқытып, бұрынғы танысын бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция мәліметінше, Ақтөбе қаласының тұрғыны құқық қорғау органдарына арызданып, бұрын қарым-қатынаста болған ер адамның оның келісімінсіз түсірілген интимдік сипаттағы бейнежазбаларды жариялаймын деп қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп жүргенін хабарлаған.

"Аталған дерек бойынша жеке өмірге қол сұғушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және күдіктінің өзге де заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеру үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарға жеке өмірге қатысты мәліметтерді тарату немесе оны таратамын деп қорқыту заңға қайшы әрекет екенін еске салды. Мұндай жағдайға тап болған жағдайда дереу полицияға жүгінуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу